Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Белгіленбеген жерде намазхана ашқан өскемендік жауапқа тартылды

Фото: ruspravda.info

Өскемендік тұрғынға белгіленбеген жерде намазхана ашқаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ШҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс орталығының 28 жастағы тұрғыны қаланың ойын-сауық орталықтарының бірінде тиісті құзыретті органдардың рұқсатынсыз намаз оқитын үй-жай ашып, діни рәсімдер өткізгенін анықтады. Намазхана меншік иелеріне де, мекемеге келушілерге де арналған.

Қазір ер адам белгіленбеген жерлерде діни жораларды, рәсімдер мен жиналыстарды өткізу үшін ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 1-бөлігімен («Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу») әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған соттың шешімімен 130 мың теңге сомасында айыппұл салынды, – делінген хабарламада.

Ер адамның айтуынша, ол аталған бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны туралы білмеген.

Сәйкес жаңалықтар

Елдік мүдде жолындағы маңызды кезең

Астанада Достық пен Ақмешіт көшелерінің қиылысында жөндеу жүргізіледі

Қазақстанда жалпы ішкі өнім 4,8%-ға дейін өсуі мүмкін – Ұлттық банк