Маңғыстау облысында да 7 млрд теңгенің жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
Прокурорлық қадағалау шаралары бойынша биыл мемлекетке құны 7 млрд теңгеден асатын, жалпы ауданы 81 мың гектар 94 жер учаскесі, оның ішінде «Алтын учаскелер» деп аталатын жерлер қайтарылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Жағалау аймақтарында 2004 жылдан бері игерілмеген 2,6 млрд теңге болатын 255,5 гектар 6 жер телімі қайтарылды.
Сондай-ақ жер заңнамасын бұза отырып берілген жерлерді прокурорлар мемлекет меншігіне қайтарған. Атап айтқанда, құны 1 млрд теңге болатын, «OilRealEstate» ЖШС-ға тиесілі 225 гектар жер телімі мемлекетке берілген.
Жекелеген аудандарда шамамен 60-қа жуық ауылшаруашылық жерлері мал басы санының жайылымдардың жалпы алаңына шекті рұқсат етілген жүктеме нормаларына сәйкес келмеуі себебінен (20%-дан аз) толық көлемде пайдаланылмаған. Жауапты тұлғалардың учаскелерді уақтылы түгендемеуі өңірдегі жер ресурстарын ұтымсыз және тиімсіз пайдалануға әкеп соқты, – делінген хабарламада.
Қадағалау актілерімен кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапқа тартылды.
Еске сала кетсек, кеше Алматы облысында да құны тура 7 млрд теңге тұратын осындай жер телімдерінің мемлекетке қайтарылғанын жазған болатынбыз.