«Жайлы мектеп» жобасын іске асыруға 2,4 триллион теңге бөлінеді

0
204
Фото: ortalyq.kz

«Жайлы мектеп» жобасын іске асыруға 2,4 триллион теңге бөлінеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Былтыр қыркүйекте мемлекет басшысы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын әзірлеуді және іске асыруды тапсырған болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев әрбір қазақстандық оқушының білім алуы мен жан-жақты дамуы үшін лайықты жағдай жасалуы керектігіне назар аударды. Ұлттық жоба апатты мектептерді, үш ауысымда оқытуды және оқушылар орнының тапшылығын жоюға бағытталған.

Жоба аясында 740 мың оқушыға арналған жаңа бағыттағы 369 заманауи мектеп салу жоспарланып отыр. Қалаларда 205, ауылдарда 164 білім беру нысаны салынады. 217 ғимараттың құрылысын 2024 жылы, тағы 152 ғимаратты 2025 жылы аяқтау жоспарланған.

Жалпы жобаны іске асыруға барлығы 2,4 триллион теңге бөлінеді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ