АЭС салу мәселесін жалпыұлттық референдум арқылы шешкен жөн – Тоқаев

0
188
көрнекі фото: Reuters

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында елімізде Атом электр станциясын салу-салмау мәселесін жалпыұлттық референдум арқылы шешу керек екенін айтты.

Атом энергетикасын дамыту аса маңызды экономикалық және саяси мәселеге айналды. Атом электр станциясын салу қажет пе, жоқ па деген сауалға қатысты түрлі пікір бар екенін білесіздер. Қазақстан – әлемдегі ең ірі уран өндіруші мемлекет. Ендеше өз жерімізде атом станциясын салуға әбден қақымыз бар. Кейбір сарапшылар шағын ядролық станциялар салу керек деген пікір айтады. Алайда көптеген азамат пен бірқатар сарапшылар ядролық станцияның қауіпсіздігіне күмәнмен қарайды, – деді Тоқаев.

Президент Семей полигоны халқымызға қаншама қасірет әкелгенін ескеріп, олардың күдігін түсінуге болатынын айтты.

«Сондықтан бұл мәселе бойынша қоғамдық тыңдауларды, егжей-тегжейлі, кең ауқымды талқылауларды жалғастыруымыз керек. Біз маңызды стратегиялық мәселелерге қатысты түпкі шешімді референдум арқылы қабылдауымыз қажет. Бұл – 2019 жылы сайлау алдында менің халыққа берген уәдем. Атом электр станциясын салу немесе салмау мәселесі – бұл еліміздің болашағына қатысты аса маңызды мәселе. Сондықтан оны жалпыұлттық референдум арқылы шешкен жөн деп санаймын. Нақты мерзімін кейін анықтаймыз», – деді Тоқаев.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ