Қар аралас жаңбыр жауады

0
233

Қазгидромет 5-7 қыркүйекке арналған күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлады turkystan.kz.

Синоптиктер алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді, екпінді жел соғады деп болжауда.

«Еліміздің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр жауады. Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын болады. 5 қыркүйекте қар аралас жаңбыр жауады деп болжанды», – делінген хабарламада.

Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең тұман болуы ықтимал.

Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында түнде ауа температурасы 2-10 градусқа дейін төмендейді, күндіз 10-20 градусқа дейін жылынады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз