Путин Астық келісімінен бас тартты

0
207
Фото: asiaplustj.info

Сочиде Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия басшысы Режеп-Тайып Ердоғанның Астық келісімін қалпына келтіруге байланысты келіссөзі сәтсіз аяқталды.

Путин келісімнен бас тартты. BBC-дің хабарлауынша, Ресей президенті Батыс елдерінің Астық келісімін толық орындаған жағдайда ғана келісімді қайта қалпына келтіретінін айтқан.

Батыс елдері Астық келісімін толық орындаған кезде ғана келіссөзге қайта келеді. Қазір Ресей келісімге дайын емес. Өйткені онда біздің талаптарымыз орындалып жатқан жоқ. Ресей ауылшаруашылығы өнімдерін шығара алмай жатыр. Егер біздің өнімдерге шетелге шығаруға мүмкіндік берілсе, біз, әрине, тез арада келісімге келе қоямыз. Батыс елдері әдейі Ресейге кедергі келтіріп отыр. Ресей келіссөз басталған кезде өз мүддесін ойлап, бірнеше талап қойды. Батыс соны орындаймыз деп келісті. Бірақ іс жүзіне келгенде келісімді соза берді, соза берді. Содан кейін біз келіссөзден шығып кеттік. Біз Украинаның астығын жеткізу үшін дәліз де ашып бердік. Бірақ олар дәлізді гуманитардық мақсатта емес, қару-жарақ тасымалдауға ғана пайдаланды. Осылайша, бізді алдап соқты, – деді Путин.

Оның айтуынша, Ресей Астық келісімінен бас тартқысы келмейді. Егер Ресейдің талаптары орындалса, келісімді толық орындайтын болады.

Кездесуде Ердоған Ресейдің ұстанымына түсіністікпен қарайтынын, Астық келісімін жасау үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасайтынын айтты.

Астық келісімін қайта қалпына келтіру үшін БҰҰ-мен кеңесу ғана қалды. Басқа амал жоқ. Келісім қайта қалпына келсе, бұдан ешкім ұтылмайды. Қазір Ресей Украина порттарынан 30 млн астықты тасымалдауға рұқсат бермей отыр. Сондықтан екі жақтың мүддесіне сай бір шешімге келу керек, –  деді Түркия президенті.

Келіссөзде ол Путинмен екіжақты саяси-экономикаалық мәселелерді де талқылап, екі ел қарым-қатынасының нығая беретінін мәлімдеді. Осы кездесуден кейін Ердоған әлеуметтік желіде Путинді «Менің ең қымбатты досым» деп атап, жазба қалдырды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ