Жазда 200-ге жуық адам суға батып кеткен

0
192
Фото: stan.kz

Жаздың үш айында 200-ге жуық адам суға батып кеткен, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, ресми түрде суға түсу маусымы 3 айға (1 маусымнан 31 тамызға дейін) созылады.

Жаз мезгілінде құтқарушылар судан 136 адамды, оның ішінде 51 баланы құтқарды.

Суға шомылу маусымы басталмас бұрын және оны өту кезінде тұрғындармен судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша ақпараттық-профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Барлық жерде жүргізілген жұмыстарға қарамастан, жаздың үш айында 177 адам, оның ішінде 53 кәмелетке толмағандар суға батып кетті. Салыстырмалы түрде айтқанда, 2022 жылғы шомылу маусымында 184 адам (-4%), соның ішінде 62 кәмелетке толмаған бала (-15%) суға батып кеткен болатын.

Суға батқандардың 98 пайызы жабдықталмаған жағажайларда суда шомылған. Судағы өлімнің негізгі себептері – өз күшін асыра бағалау, мас халде суға түсу, жүзе алмау. Ал балалардың суға батуының басты себебі – оларды ересектердің қараусыз қалдыруы.

Жалпы республика бойынша суда жаппай демалуға рұқсат етілген 612 орын бар. 4 мың 285 орын суға түсуге қауіпті деп танылып, шомылуға тыйым салынған орындар тізіміне енгізілген.

Тыйым салынған және рұқсат етілген шомылу аймақтары туралы деректер 2GIS платформасында орналастырылған.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ