Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалық

Ресей газын Өзбекстанға тасымалдау қазанда басталады

Ресей газын Өзбекстанға тасымалдау бойынша дайындық жалғасып жатыр. Сынақ жұмыстары қазанда басталады, деп хабарлайды turkystan.kz. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағамбетов Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғановтың сауалына берген жауабында айтты. 

– Ресейден Өзбекстанға тасымалданатын газ Орта Азия-Орталық құбыры арқылы, екіжақты, үшжақты келісімдер аясында еліміздің аумағы арқылы өтетін болады. Қазір дайындық жүріп жатыр, қазаннан бастап сынақ басталады. Дайындық жоғары деңгейде. Қаржылық мәселелер әлі нақты емес, кейінірек нақты ақпарат береміз, – деді вице-министр.

Өзбекстан үкіметі күз-қыс маусымында энергетика бойынша қиындықтардың алдын алу үшін Ресейден газ сатып алатын болды. 2023 жылғы қазанда Ресей газы Орта Азия-Орталық құбыры арқылы Өзбекстанға тасымалдана бастайды. Қазір еліміздің аумағы арқылы өтетін газ құбырын әзірлеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы «QazaqGaz» компаниясы бұдан бұрын мәлімдеген болатын.

Сәйкес жаңалықтар

Президент тапсырмасы бойынша Көкшетауда қайтарылған активтер қаражаты есебінен жаңа спорт кешені салынуда

Ақтөбеде тіркеуде жоқ 126 шетелдік көлік анықталды

zamandas69@mail.ru

Олжас Бектенов XINFA GROUP компаниясының басшылығымен Павлодар облысында өнеркәсіптік парк құрылысының барысын талқылады