Алматы тауларында жасөспірімдер адасып кетті

0
179
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Іле Алатауы тауларында 2 жасөспірім адасып кетті, деп хабарлады ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметі.

Биыл 23 қыркүйекте кешкі сағат 20:10-да жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөліміне Іле Алатауы тауларында 2 жасөспірімнің жоғалып кеткені туралы ақпарат түсті.

Оларды Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы іздеуге кіріскен. Адасып кеткендер ұялы байланыс қызметін пайдаланған. Олар Құмбел шыңы аймағындағы туристерді құтқаруға арналған таудағы лашық үйлердің бірін паналаған.

Құтқарушылар жасөспірімдерге түнгі сағат 3:38-де жетті. Тауда қар көп болғандықтан, жасөспірімдердің киімі су болып қалған. Құтқарушылар оларға жылы шұлық беріп, киімдерін кептірген. Таңғы сағат 5:20-да олар бірігіп тау басынан түсе бастады.

Жасөспірімдер Көк-Жайлау – Үш ағайынды – Құмбел бағытымен жүріп, сол жерден Горельник шатқалына түсе бастаған. Алайда олар уақытты есептемей, қараңғы түсе бастағасын жолды қысқартуға шешім қабылдаған. Салдарынан адасып кеткен, – деп жазылған хабарламада.

Бірақ олар саспай, дереу құтқарушыларға қоңырау шалып, дұрыс шешім қабылдаған. Осыдан кейін таудағы лашық үйге барып паналаған.

Осыған байланысты ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қазақстандықтарға сақ болуға кеңес берді: тауға шықсаңыздар, одан қашан түсетіндеріңізді ескеріңіздер. Көбінесе күндіз жүріңіздер.

Құтқарушыларға төмендегі нөмірлер арқылы хабарласа аласыздар:

  • 112 немесе 8(727)372-15-60 (Республикалық жедел-құтқару жасағы)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ