Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

XIX Азия ойындары: Қазақстанның мергендері қола жүлде алды

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында аралас санаттағы пневматикалық мылтықтан 10 метрден ату жарысы аяқталды. Ислам Сәтбаев пен Александра Ле жұбы үшінші орынды иеленді.

Медаль үшін күресте Қазақстан құрамасының спортшылары Иран командасын 17:11 есебімен жеңді.

Еске сала кетсек, кеше Никита Чирюкин жылдам атылатын тапаншадан Азиаданың қола медалін жеңіп алған болатын. Одан бұрын дзюдошылар  Әбиба Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақта күміс медальді жеңіп салса, 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Мағжан Шамшадин қола жүлдені иеленді. Ал кеше кешке қарай тағы бір дзюдошы Эсмигүл Куюлова 63 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, қола медаль алды.

Сәйкес жаңалықтар

Funny Sport жобасы аясында жастар арасында кедергілермен жаппай жүгіру өтті

Қазақстан әйелдер құрамасы көгалдағы хоккейден Орталық Азия чемпионы атанды (ВИДЕО)

Ұлт саулығын сақтау үшін бұқаралық спорттың маңызы ерекше