ТЖМ департаменттерінің басшылары сотталды

0
191
Фото: Halyq Uni

ТЖМ департаменттерінің басшылары сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қазақстан Республикасы Әскери сотының апелляциялық алқасы Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Р. Қасыбаевқа қатысты үкім шығарды.

Сотталушы мердігер ұйымға нақты орындалмаған жұмыс көлемі үшін толық құнын заңсыз төлеп, техникалық қадағалаудың оң қорытындысынсыз қаланың өрт сөндіру бөлімдерінің бірін пайдалануға қабылдаған. Ол билікті теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан және өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды, – делінген Антикор хабарламасында.

Сондай-ақ Қызылорда облысында ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті басшысының орынбасары Б. Стамқұловқа қатысты үкім шыққан.

Стамқұлов Н. Оразбаховтан делдал А. Атажанов арқылы жеткізушіні таңдау кезінде артықшылық көрсеткені және газ толтыру пункттері бойынша жобалық құжаттарға кедергісіз қол қойғаны үшін 500 мың теңге сомасында пара алғандықтан кінәлі деп танылды, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Стамқұлов лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану арқылы ТЖМ-ның лауазымды тұлғаларына кездесулер мен бос уақытты ұйымдастыру сылтауымен өзінің бағынысты 4 қызметкерінің 100 мың теңгесін иеленген. Оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Осы үкіммен пара беруші Н. Оразбахов 3 жыл мерзімге, делдал А. Атажанов 1 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотталғандарға мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда басшылық лауазымдарда жұмыс істеуге өмір бойы тыйым салынады. Үкімдер заңды күшіне енбеді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ