Түркістан облысында 17 әкім заңға қайшы қаулы шығарған

0
190
Фото: СЖҚА Түркістан обл. бойынша департаменті

Түркістан облысында 17 әкім заңға қайшы қаулы шығарған. Бұл туралы облыстық әкімдік жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысында айтылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыс аумағындағы суармалы жерлерді мемлекет мұқтажы үшін және арнайы жер қорына алуға қатысты сыртқы талдау жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде суармалы жер алқаптарын мемлекет меншігіне алу бойынша қала және аудан әкімдерінің заңға қайшы қаулылар шығарғаны анықталған.

2020-2023 жылдар аралығындағы қызметтерді сыртқы талдау жұмыстары барысында облысқа қарасты барлық 17 аудан, қала әкімдерінің Жер кодексінің талаптарын бұзып келгендігі белгілі болды. Мұндай қаулы шығару құзыреті Жер Кодексінің талаптарына сәйкес, облыстық жергілікті атқарушы органның, оның ішінде облыс әкімінің ғана құзыретіне жатады, – делінген Антикор хабарламасында.

Әкімдіктердің заңсыз әрекеттері кәсіпкерлердің құқығына нұқсан келтіріп, сондай-ақ бағалы суармалы жер алқаптарының көлемін азайтқан.

Сонымен қатар, Түлкібас ауданында 13 кәсіпкерге тиесілі 22 гектар суармалы жер учаскесі қайтарылып, олардың құқығы қорғалды. Осылайша, аудан, қала әкімдіктері тарапынан мемлекет мұқтажы үшін суармалы жер учаскелерін алып қоюдың заңсыз практикасы тоқтатылды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ