Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықҚоғам

Бұл – қазақтың мемлекеттілік дәстүрі қайта жаңғырған тарихи күн – Президент

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсім басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Еліміздің ең басты мейрамы – Республика күні құтты болсын! Бұл – қазақтың мемлекеттілік дәстүрі қайта жаңғырған тарихи күн. Көк түріктер дәуірінен, Алтын Орда, Қазақ хандығы заманынан келе жатқан елдігіміз тамырын тапқан күн. Бұл – Алаш арыстарының азаттық жолындағы арпалысы ақталған күн.

Халқымызда «Егемен болмай, ел болмас» деген сөз бар. Осыдан 33 жыл бұрын тарихи әділдік орнады. Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Осы маңызды құжат жұртымыздың азаттық алуына жол ашты», деді ел Президенті.

Аяна ТОҒАНБЕК

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстан мен Финляндия президенттерінің келіссөзі екі ел делегацияларының қатысуымен одан әрі жалғасты

Әрбір ата-ана балалардың интернеттегі уақытын қатаң бақылауы керек – депутат

2026 жылы білім берудің тұтас және орнықты жүйесін құруға бағытталған шаралар жүзеге асырылады