Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылады

0
308
kaztag.kz
Бұдан былай «Отбасы банкі» базасында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылады. Мәжіліс депутаттары  тұрғын үй саясатын реформалаудың мәселелері бойынша  енгізген түзетулерді  бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz төменгі Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заң жобасы Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатымен әзірленіп отыр.

«Отбасы банкі» азаматтарды есепке қою, тұрғын үйді бөлу және беру функцияларын орталықтандырылған түрде жүзеге асыратын ұлттық даму институтына айналады. «Отбасы банкі» екінші деңгейлі банктер жүйесі мен депозиттерге кепілдік беру жүйесінен шығарылады. Дегенмен бірқатар мәселе бойынша бақылау мен қадағалау уәкілетті органдарда қалады, ал онда орналастырылған депозиттердің сақталуына мемлекет кепілдік береді. «Отбасы банкі» базасында Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылады. Оған жекелеген санаттардағы мүшелігіне қарамастан тұрғын үйге мұқтаж барлық азамат тіркеле алады. Бұл «бір терезе» қағидатын қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар кезекке жаңадан тұрған азаматтардың баспанасыз болу мерзімін 10 жылға дейін ұлғайту ұсынылып отыр. Бұдан бөлек тұрғын үйге қатысты басымдықтардың тізімі кеңейтіледі. Оған мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар, 1 және 2 топтағы мүгедектер де кіретіні» қамтылған  ақпаратта.

Елімізде енді мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi атқару кезiнде қайтыс болған адамдардың отбасыларына тиісті  әкiмдiктер бiр жылдан кешiктiрiлмей тұрғын үймен қамтамасыз етуге міндетті болады. Заңға енгізілген басқа да түзетулер талқыланды.

Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ