Қазақтарды бір-бірлеп өлтіруге шақырған әйел сотталды

0
292
Фото: bizmedia.kz

Астана қаласының тұрғыны Наталья Свириденко 4 жылға бас бостандығынан айырылды

Астана қаласының тұрғыны Наталья Свириденко қазақ халқына қорлық сөздер айтып, оларды бір-бірлерін өлтіруге шақырғаны үшін 4 жылға сотталды.

Свириденко (қыз кезіндегі тегі – Меркулова) Наталья Валентиновна ҚР ҚК-нің 174-бабы 1-бөлігінде («Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру») көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және оған орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын, – делінген Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімінде.

Свириденко биылғы 7 тамызда сағат 1:00-ден кеткенде Астанадағы үйінде ТikTоk әлеуметтік желісінде «Королева 2» аккаунты арқылы тікелей стрим-трансляция жасап, ұлттық ар-намыс пен азаматтардың қадір-қасиетін қорлауға тырысты. Тікелей трансляция кезінде ол көрермен арасында басқа ұлт өкілдерінің бар екенін біле отырып, қазақ халқын ашық түрде қорлай бастады. Ол қазақ халқын маймылға теңеп, «шимпанзе», «макака» десе, көрермендерінің бірінің балаларына өлім тілей отырып, олардың біреуін «науқас» деген.

Сот TikTok-тан эфир жазбасын қарап, Свириденконың мәлімдемелері «бүкіл қазақ халқын және Қазақстанның мемлекеттік билігін қорлайтын және кемсітетін мазмұндағы әдепсіз, қолайсыз сөздерден тұрады» деген қорытынды шығарды

ПІКІР ҚАЛДЫРУ