Іздеуде жүрген 219 қылмыскер ұсталды

0
222

20-30 қараша аралығында еліміздегі ішкі істер органдары «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Шара нәтижесінде 2657 қылмыс «ізі суымай» ашылды. Оның ішінде бұрын жасалған 1 019 қылмыс, 1-кісі өлтіру, 3-қарақшылық шабуылдар, 21 – тонау және 994 басқа да қылмыстық іс анықталды, деп жазады Egemen.kz.

Заңнаманы бұзу фактілерін анықтау үшін саяжай алаптарын, құрылыс объектілерін, базарларды, шаруа қожалықтарын, жалдамалы пәтерлерді, шалғайдағы және өзге де күмәнді орындарды, үй-жайлар тексерілген. Нәтижесінде іздеуде жүрген 219 қылмыскер ұсталған.

Бұдан басқа, 181,5 мың әкімшілік құқық бұзушылық белгілі болды. Тәртіп бұзғандар арасында ең көп келеңсіз жағдай отбасы-тұрмыстық қатынас саласында анықталды.

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы нәтижесінде Ішкі істер органдарының есебінде тұратын 95,3 мың адам тексерілді. Бұдан басқа отбасы-тұрмыстық қатынас саласында 4 489 қорғау ұйғарымы шығарылды және 1 077 ерекше талап белгіленді.

Дана МЫРЗАҚАДІР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ