«Сахна – киелі жер»: Актриса Назгүл Қарабалина «толстовка» киіп ән айтқан Садраддинді сынады
Өнер иесі бұл туралы «Еркін сұхбат» бағдарламасында бөлісті.
Актриса, продюсер, режиссер Назгүл Қарабалина Садраддин лақап атымен танымал Болат Садраддин есімді әншіні сынады, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Өнер иесі бұл туралы «Еркін сұхбат» бағдарламасында бөлісті.
«Садраддин деген жақсы әншіміз бар, өте жақсы әндері бар, танымал әнші. Мен сол кісіні шақырып, 2 концерт жасадым. Саундчекке келмек түгілі, ол әртіс концертке 2 сағатқа кешігіп, мына жерде асылатынымыз асылып, төбелесетініміз төбелесіп, әйтеуір оны сахнаға шығардық. Ол – өте жақсы әнші, әндері де жақсы. Оның Аллаға шүкіршілік ету туралы әндері бар. Ол бауырыма шүкіршілік астында жауапкершілік ету керек, істеп жатқан халқыңа рақметің болу керек, еңбегін сыйлау керек деп айтқым келеді. Бүгінгі образ, имиджді түсінеміз. «Шүкір Алла» дейтін адамның сахнада толстовкамен ән айтқанын түсінбеймін. Менің түсінігім бойынша, сахнада образ болу керек. Мен әртістің жеке басына қатысты айтып тұрған жоқпын, одан қаймықпаймын, сахна – киелі жер», – деді ол.