Шымкент қалалық басқарма басшысының орынбасары жол апатынан қаза тапты

0
200

Фото: Elitar.kz инстаграм

Алматы облысы аумағындағы тасжолда Шымкент қалалық басқармасы басшысының орынбасары жол апатына ұшырап, қаза тапты. Аталған ақпаратты Алматы облыстық полиция департаменті растаған, деп хабарлайды Egemen.kz Elitar.kz инстаграм арнасына сілтеме жасап.

Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Абдуқадіров Lexus LX 470 көлігінің рөліне ие бола алмай, жүк көлігіне соғылып, оқиға орнында жан тәсілім еткен.

Оқиға желтоқсанның 18-і күні сағат 8:00-де Беріктас ауылынан 3 шақырым жерде Алматы-Бішкек тасжолында болған. Ол қарсы жолаққа шығып кетіп, қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан айналма жолдан шығып бара жатқан Volvo fn 420 жүк көлігімен соқтығысқан.

8, 5, 2 жастағы балалар түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Жүк көлігі жүргізушісінің хал-ахуалы белгісіз.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ