Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Түркістан облысында 4 млн теңге айыппұлы бар жүргізуші анықталды

Фото: Polisia.kz

Түркістан облысында төленбеген 4 млн теңге айыппұлы бар көлік иесі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Патрульдік полицейлер Түркістан облысы аумағында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды өткізу барысында Темірлан кенті көшелерінің бірінен Volkswagen Polo автокөлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде жүргізушінің 4 млн теңгеден астам сомаға бұрын салынған әкімшілік айыппұлы бары анықталған.

Тәртіп сақшылары автокөлікті айыптұраққа қойып, тиісті шаралар қабылдаған. Сондай-ақ автокөлік иесіне айыппұлды уақтылы төлеу қажеттігі туралы түсіндірген.

Сәйкес жаңалықтар

92 жастағы ғалым мектеп бітірушілерге кеңес берді

Көмірмен жағылатын пешті пайдалану ережелерін бұзу себеп болған

Белгілі ғалым тілге қатысты алып қашпа әңгімелерге сенбеуге шақырды