Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Алматы су қоймаларындағы мұздың қалыңдығы 10 см – ТЖД

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/Kazinform

Мұздың қауіпсіз қалыңдығы бір адам үшін – кемінде 15 сантиметр, көпшілікке арналған іс-шараларды ұйымдастыру үшін 25 сантиметрге жетуі керек. Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Әнуар Юсупов мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

Спикердің сөзінше, қаладағы су айдындарының маңына тыйым салу және ескерту туралы 38 белгі қойылған. Мегаполисте қыс маусымында қауіпті 8 өзен-көл бар.

«Қазіргі уақытта Алматы қаласында ауа температурасы 2-4 градус жылы. Әдетте, мұндай температурада мұз жұқа болады. «Қазгидромет» РМК болжамдарына сәйкес алдағы аптада ауа температурасы 6-дан 12 градусқа дейін жетеді. Бүгінгі таңда мұздың қалыңдығы 10 см, бұл мұздың үстінен өту үшін қауіпті», – дейді Әнуар Юсупов.

Айтуынша, мұздың қауіпсіз қалыңдығы бір адам үшін – кемінде 15 сантиметр, көпшілікке арналған іс-шараларды ұйымдастыру үшін 25 сантиметрге жетуі керек.

Сәйкес жаңалықтар

Қазпоштада 270 млн теңгеден астам қаржының ұрланғаны анықталды

Сенат оқушыларға сабақ үстінде телефон пайдалануға тыйым салатын заңды мақұлдады

Астанада мектеп оқушылары Домбыра күніне орай республикалық челлендж бастады