Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықҚоғам

Алматыда белгілі боксшы Серік Нұрқазовқа іздеу салынды

Фото: youtube.com/@MoyaKaraganda

Алматыда 64 жастағы белгілі қазақстандық және кеңестік спортшы Серік Нұрқазов жоғалып кетті, деп хабарлайды Kazinform.

“Қоғам” жедел әрекет ету жасағының Instagram парақшасында Алматыда танымал спортшы Серік Нұрқазовқа іздеу салынғаны туралы ақпарат шықты. Ер адам 14 желтоқсанда үйінен белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған. Оның басында сұр шапка, үстінде капюшоны бар көк күрте, ақ жемпір, қара джинсы болған. Сондай-ақ оның шашы ақ және сақалы бар екені айтылған.

Серік Төкенұлы Нұрқазов Қарағанды облысында дүниеге келген: бокстан КСРО еңбек сіңірген спорт шебері; 1983 жылы Римде өткен Әлем кубогының күміс жүлдегері; 1981 жылы Тамперада өткен Еуропа чемпионатының қола жүлдегері; 1983 жылы Варнада өткен Еуропа чемпионы; КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы.

Сәйкес жаңалықтар

Ынтымақтастықты жаңа стратегиялық деңгейге көтеру екі елдің мүддесіне сай келеді

zamandas69@mail.ru

Білімнің күйреуі – ұлттың күйреуі

37 млн теңге айыппұлын төлемеген жүргізушілер анықталды