Солтүстік Қазақстан облысында қызылша ауруы өршіп барады

0
145
Фото: facebook.com/MinzdravRK
Дертті жұқтырғандардың дені – балалар

Солтүстік Қазақстан облысында қызылша ауруына шалдыққандардың саны артып жатыр. Олардың қатары соңғы кезде 2 есе көбейген. Қазір өңірге екпенің 30 мыңнан астам дозасы жеткізілген, деп хабарлады Almaty.tv.

Дәрігерлердің айтуынша, облыста қызылшаға қатысты эпидемиологиялық ахуал өршіп тұр. Соңғы екі аптада 54 жағдай тіркелген. Былтырғы желтоқсан айымен салыстырғанда, індет жұқтырғандардың саны 1 айда 3,5 есе артқан. Былтыр 10 айдың ішінде Петропавл қаласы бойынша 22 адам қызылша жұқтырса, қараша айында ауруға шалдыққандар саны 46 адамға артты. Желтоқсан айында 139 азамат індет жұқтырған. Олар жыл басталғалы екі аптада 44 ауруханаға түсті.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Серік Айсауытовтың айтуынша, облыста дерт жұқтырғандардың дені – балалар. Қазір 17 азамат қызылша диагнозымен ауруханаларда ем-дом алып жатыр. Олардың арасында 15 баланың тек біреуі екпе алған.

Қазір облыста екпе салдыруға болатын 265 медициналық мекеме жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ тағы 95 мобильді бригада бар. Олар қызылшаға қарсы екпе егеді. Облыс бойынша қазір вакцинаның 24 мың дозасы бар.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз