СҚО тұрғындары түрмеге зат кіргізу үшін қандай айла-амалдарға барады

0
203
Фото: СҚО қылмыстық атқару жүйесі департаменті

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мекемелеріне былтыр ұялы телефон өткізудің ғана 12 фактісі анықталды.

Сәлемдеме жіберушілердің тапқырлығы мен қиялында шек жоқ.

СҚО Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тыйым салынған заттарды азық-түлікке, құрылыс материалдарына, автокөлік қаптамасына, спутниктік антенна тюнерлеріне, киім мен аяқ киімге жасыру арқылы өткізудің күрделі тәсілдерін табады.

телефон
Фото: СҚО қылмыстық атқару жүйесі департаменті

Кей тұрғындар ұялы телефон, SIM-карта, флеш-карта, Wi-Fi роутерларын және зарядтағыштарды қоршаудан лақтыру және квадрокоптер арқылы өткізуге тырысқан.

«Маңғыстау облысының, Орал, Қостанай және Петропавл қалаларының тұрғындарынан сотталғандарға жолданған сәлемдемелерді тексеру кезінде жалпы салмағы 42,87 грамм есірткі алудың 4 фактісі тіркелді. Өсімдік тектес заттар темекіге, ет қосылған бес литрлік пластик ыдыстағы сүйекте және жаңғақтың ішіне жасырылған. Сараптама нәтижесі бойынша алынған заттар каннабис шайыры, марихуана, гашиш, опий болып шықты. Жыл қорытындысы бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 481-бабы бойынша 6 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның үшеуіне айыппұл салынса, қалғаны ескерту алды», — дейді СҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің режим және қадағалау бөлімінің бастығы Руслан Жусупов.

есірткі
Фото: СҚО қылмыстық атқару жүйесі департаменті

Маманның айтуынша, мекеме қызметкерлері Ұлттық ұланы академиясының әскери қызметшілерімен бірге тыйым салынған заттардың енуіне жол бермеу мақсатында иісшіл итті пайдалана отырып, мекемелерге іргелес аумақтарды тұрақты негізде патрульдейді.

Былтыр департаменттің ведомстволық бағынысты мекемелерінде жалпы саны 60 ұялы телефон әкелудің 12 фактісі тіркелген.

түрме
Фото: СҚО қылмыстық атқару жүйесі департаменті

ПІКІР ҚАЛДЫРУ