Майқайыңда қатты жел мен боран іздеу жұмыстарын қиындатып жатыр

0
160
Фото: Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті
Мамандар шамамен 3 метрге дейін түсті

Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті «Майқайың-алтын» АҚ аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып, мамандар күн сайын кәсіби аспаптардың көмегімен тереңдіктің түбін тексеріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

Дегенмен күннің бірден суытуы, қатты екпінді жел мен боран жұмысты қиындатып жіберді. Күн сайын экскаваторды шұңқырдың түбіне түсірер алдында тау-кен инженері барлау жүргізіп, техника үшін жағдайды анықтайды. Сондай-ақ жүргізілетін жұмыстардың орны кинологиялық есептеулермен үнемі тексеріліп отырады.

Геосканермен белгіленген нүкте ауданында мамандар шамамен үш метрге тереңдей түсті. Жұмыс кеңістігін кеңейту және металл  іздегішпен учаскені зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Алайда, топырақ пен тау жыныстарының құлауы жалғасуда, іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу орны үнемі үлкен тастардан тазартылуы керек, – делінген хабарламада.

Құтқарушылар техника жете алмайтын жерлерде пневмоэлектро жабдықтардың көмегімен қолмен жұмыс істеуде.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ