Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
МәдениетҚоғам

Оксфорд университетінде қазақ тілін оқыту жоспарлануда

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Оксфорд университеті арасында өзара ынтымақтастық келісімге қол қойылып, соған сәйкес Оксфорд университетінде қазақ тілін оқыту қолға алынбақ.

Ғылым және жоғары білім министрі мен Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының басшыларынан құралған қазақстандық делегация әлемдегі ең беделді университке ат басын тіреді.

Ұлыбританияның оқу орнына арнайы барған делегация өкілдеріне Оксфорд Бодлиан кітапханасының Қазақстанға қатысты эксклюзивті көне қолжазбалары көрсетілді. Сонымен қатар университетте экскурсия өтіп, тарихы таныстырылды.

Бұдан әрі министр Саясат Нұрбек британдықтарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен даярланған Oxford Qazaq сөздігінің алғашқы басылымын таныстырды.

Сәйкес жаңалықтар

Елордада жаз басталғалы бері ондаған жаңа қоғамдық кеңістік пен аулалар ашылды

Астанада VI Qazaqforum өтіп жатыр

Астанада Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы Жастар ынтымақтастығының келешегі талқыланды