Елордада екпе алмаған балалар әлі қызылша жұқтырып жатыр – бас санитар дәрігер

0
205
Фото: sggp.org.vn
Бүгінде ауруды тәулігіне 48 адам жұқтыруда

Астананың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова қалада қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай әлі тұрақсыз екенін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Елордада қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз деп саналады. Осы аптада тәулігіне қызылша жұқтырудың 48 дерегі тіркелді. Биыл қаңтардан бері қалада ауруды жұқтырудың 1 021 дерегі тіркеліп, оның 321-і нақтыланды. 14 жасқа дейінгі балалар арасындағы көрсеткіш – 227. Ауру жұқтырғандардың 68%-ы бұрын қызылшаға қарсы екпе алмаған, – деді Сархат Бейсенова.

Бас санитар дәрігер соңғы аптада қызылшамен сырқаттанушылық көрсеткіші өткен аптамен салыстырғанда 1,1 есе өскенін атап өтті.

Жаңа жыл мерекесі кезінде ересектер арасында ауру жұқтыру көрсеткіші 49-дан 71-ге дейін өсті. 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда, қосымша вакцинация нәтижесінде 1 және 3 жастағы балалар арасында қызылшаны жұқтыру көрсеткіші төмендеді, – деді маман.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ