МӘМС жарналарын өсіруге халық наразы – Аймағамбетов

0
199
Асхат Аймағамбетов, фото: Halyq Uni
Әлі күнге дейін жүйелі мәселелер шешілмей келеді

МӘМС жарналарын өсіру туралы бастама қоғамда наразылық тудырды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Telegram арнасына жазды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, әлі күнге дейін жүйелі мәселелер шешілмей келеді.

Ашықтықтың және цифрландырудың жоқтығы, төмен тарифтер, әдістемелік кемшіліктер, МӘМС қамтымайтын бірнеше миллион азамат, ГОБМП және МӘМС пакеттеріндегі шатасулар. Бастапқыда қарастырылған тұрақты қаржыландыру моделі кейін өзгертіліп, мемлекеттік жарна ставкалары бірнеше есе төмендетілді. Тіпті республикалық бюджет жыл сайын қорға белгілі бір азаматтар санаты үшін аударатын жарналар бойынша өз міндеттемелерін орындамай отыр, – деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Бүгінде азаматтардың ақылы емделуге кететін шығыстары азаюдың орнына өсіп жатыр.

Соңғы 2 жыл ішінде қалта шығындары 27,7%-дан 31,1%-ға дейін өсті. Бүгінде медициналық ұйымдарға қаражат жетіспейді. Ауруханалардың кредиторлық қарызы өсіп, азаматтардың медициналық көмек алуға кезекте тұру уақыты ұзарды. Бұған қоса медициналық көмектің қолжетімділігі төмендеді. Өкінішке қарай, бүгінде бұл қор классикалық сақтандыру ұйымына айналудың орнына, қарапайым мемлекеттік емес қорға айналды. Жарналарды өсіру, азаматтардың мойнына барлығын арту қаншалықты әділетті? – деп ашынды депутат.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ