Бекзат Алмахан UFC-мен келісімшарт жасасты

0
136
фото:prosports.kz

Ол енді UFC промоушенінің жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.

Қазақстандық файтер Бекзат Алмахан (17-1) UFC промоушенімен келісімшарт жасасты.

Бекзат Алмахан Орталық Азияның үздік промоушендерінің бірі Octagon-да жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен. Кәсіпқой мансабында жалпы есепте 18 жекпе-жек өткізіп, тек біреуінде ғана есе жіберген. Десе де соңғы 9 жұдырықтасуында жеңіс тұғырынан көрінген.

26 жастағы спортшы Тараз қаласында дүниеге келген. Бекзат мектеп бітіріп Алматыға оқуға түскенше каратэмен шұғылданды. Кейін оңтүстік астанаға келген соң ММА спортын таңдады. Аралас жекпе-жектегі дебютін 2016 жылы Zhekpe-zhek лигасында өткізді. Қатарынан 3 кездесуде жеңген соң, Alash Pride промоушенінде жұдырықтаса бастады.

Айта кетейік, Бекзат Алмахан енді UFC промоушенінің жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Осы дивизионның қазіргі чемпионы – Шон О’Мэлли.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз