Депутаттар тарихи-мәдени ескерткіштерге байланысты заңды қатаңдатуды сұрады
фото:ашықдереккөз
«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, Мәжіліс депутаты Еркін Әбіл археология және қалпына келтіру қызметтерінің субъектілерін лицензиялау шарттарының өзгеруін қарастыруды сұрап, Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға депутаттық сауал жолдады.
– Археологиялық ескерткіштерді сақтау мәселесі жылдан-жылға өзектілігін жоғалтпай келеді. Өкінішке қарай, ескі молалар бұзылып, иероглифтер жойылып жатыр деген ара-тұра ақпараттар шығып, ел ішінде талқыға салынуда. 2021 жылы Алматы аумағында табылған 2500 орта ғасырлық монеталар қорынан ғалымдарға 600 данасы ғана жетті. Қалғаны ұрланып, антиквариат дүкендері арқылы сатылды.
Жақында ғана бүкіл Қазақстанға Алматы облысының Қызылтас тауларында петроглифтар кешенінің жойылуы туралы жаңалық тарады. Алайда шаруашылық жұмыстарын жүргізген компанияның қолында барлық рұқсат құжаттары болды. Өкінішке қарай, осындай оқиғалар аз емес. Тіпті, жыл сайын көбейіп келеді.
Мәдениет және спорт министрлігінің бұйырығымен бекітілген тарихи-мәдени сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес, осы саладағы сараптаманы лицензиясы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға жүзеге асыра алады. Лицензиялау тараптары да өте либералды. Бұл сараптамаға ескерткіш аумағындағы шаруашылық қызмет жүргізуге үміткер кәсіпкер тапсырыс береді және төлейді. Сарапшы іс жүзінде сапасы үшін еш жауап бермейді. Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінің сапасыз сараптамасы және жойылуы осыдан туындайды.
Қазақстанда археологиялық жұмыстарды жүргізуге лицензиясы бар 60-қа жуық заңды тұлғалар жұмыс істейді. Сонымен қатар олардың көпшілігі табылған жәдігерлерді жылдар бойы мұражайларға тапсырмайды, еңбектерінің нәтижесі бойынша ғылыми есеп жарияламайды. Қазіргі тым либералды заңнама арқылы уәкілетті органның тиімді тұтқалары жоқ. Бұл компаниялар кәсіпкерлік кодекстің қолданылу аясында және мемлекеттік органдар тексерілуінен қорғалған.
Сонымен қатар “Ұлттық қауіпсіздік туралы” заңның 6-бабына сәйкес, Қазақстан халқының мәдени және рухани мұрасын жоғалту – біздің ұлттық қауіпсіздігімізге төнетін негізгі қатерлердің бірі. Осыны ескере отырып, тарихи мұраны сақтау секілді болашағымыз үшін маңызды қызмет саласын кәсіпкерлік кодекстің қолданылу аясынан шығару, археологиялық және реставрациялық қызмет субъектілерін лицензиялау тәсілдерін өзгерту, тарихи-мәдени сараптама рәсімінде тәртіп орнату уақыты келді. Сондықтан Мәдениет министрлігі жағынан тарихи-мәдени мұра бекінділерін қорғау және пайдалану туралы қолданыстағы заңға өзгерістер енгізу жөніндегі жұмыс тобын құру, тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми реставрациялау және археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау туралы нормаларды қайта қарауды ұсынып отырмыз. Сондай-ақ сараптама жүргізуге құқығы бар ұйымдарға қол қойылатын талаптарды қатаңдатып, егер сапасыз сараптама салдары тарихи-мәдени ескерткіштің жойылуына әкелсе, қылмыстық жауапкершілікке дейін белгілей отырып, тарихи-мәдени сараптама жүргізу қағидалаларын қайта қарау. Үшіншіден, тарихи-мәдени ескерткіштерін бұзу, лицензиясыз жұмыс жүргізгені, тарихи-мәдени ескерткіштерін заңнамасын бұзу не болмаса сол заттарын заңсыз айналым фактісі анықталса, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті қатаңдатуды талап етуді сұраймыз, – деді Мәжіліс депутаты Еркін Әбіл.