Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Заң мен тәртіп

Талғар, Еңбекшіқазақ ауданында мектеп бухгалтерлері қаржы жымқырған

фото: belta.by
Алматы облысының прокуратурасы Талғар ауданындағы мектептердің бірінде есепшінің жалақыға арналған бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтады.

Бұл құқық бұзушылық мектепте жұмыс істемейтін қызметкерлері мен олардың туыстарына ақша аудару арқылы жасалған.

Алдын ала келтірілген шығын 90 млн теңгеден асады және шығынды есептеу жалғасуда.

Аталған факті бойынша облыс прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 189 бабы 2-бөлігі 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) тергеулігі бойынша Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу басқармасына жолданды.

Осыған ұқсас факт Еңбекшіқазақ ауданында да анықталып, тергеу қорытындысы бойынша мектеп есепшісі тергеу сатысында 10 млн. теңгеден астам шығынды өтеген.

Сәйкес жаңалықтар

Қарағанды облысында қылмыстық топ ұсталды (ВИДЕО)

Алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады

Орманға бөлінген қаржыны жымқырды деген күдікпен 20-дан астам адам ұсталды