Сенат депутаты ауылды дамыту бағдарламасын сынға алды
Депутат еңбек нарығы мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту тұрғысынан өңірлер де, мегаполистер де қазір мұндай көші-қонға дайын емес екенін айтты. Ж.Жөргенбаев ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын жетілдіру негізінде еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет деп санайды.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 2019-2023 жылдары республикалық бюджеттен 524 млрд теңге бөлініп, 1,5 мыңнан аса ауылды елді мекенде 5 мыңнан астам жоба іске асырылды. Дегенмен оның нәтижесі көңіл көншітпей отыр», – деді депутат Үкімет басшысы Олжас Бектеновтың атына жолдаған сауалында.
Сенатордың пікірінше, Үкімет қазір ауылдарға жағдай жасап, ауыл шаруашылығына ғана емес, ауыл тұрғындарының мәдени өміріне, денсаулық сақтау жүйесі мен инфрақұрылымға да назар аударуы тиіс.
«Шекара маңындағы ауылдардағы бюджеттік инвестициялық жобаларды қаржыландыруға бағытталған бөлек бюджеттік бағдарлама ашу керек. Сонымен қатар, қолданыстағы заңнамада белгіленген ауылдық үстемақыдан тыс мемлекеттік шекараға 50 км жақын орналасқан ауыл қызметкерлері үшін лауазымдық жалақыға 50 пайызға дейінгі мөлшерде үстемақы белгілеу мүмкіндігін қарастыру керек», – деді депутат.