Депутат SIM-карта сатуға шектеу қоюды ұсынды

0
177
фото: inet-shops.ru

Қазақстанда SIM-карта сатуға шектеу қою керек. Бұл туралы депутат Жарқынбек Амантай айтты, 

Оның пікірінше, бұл интернет алаяқтықпен күресуге септігін тигізуі мүмкін.

Мен Павлодар облысының полиция департаменті өкілдерімен кездестім. Олар SIM-карта (нөмірлерді) беруді шектеу керек деген ұсыныс айтты. Қоғамда оны кез келген дүкенде, бір кісіге шексіз, көп SIM-картаны сатуға болады. Кейбір елдердің тәжірибесін қарасақ, оны тек байланыс операторының филиалынан сатып алуға рұқсат бар. Жекелеген дүкендер мұны сата бермейді. Осыған шектеу қойсаңыздар. Бір кісіге кем дегенде 2-3 SIM-картадан артық берілмесе. Павлодар облысы ПД қызметкерлері бұл үлкен көмек болады деп отыр. Осы мәселені заң жүзінде қарастыруға бола ма? – деді Жарқынбек Амантай Мәжілісте.

ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов шектеу енгізілмейтінін атап өтті.

«Біз SIM-карта санын шектеуді емес, оны сәйкестендіруді (активизация) ұсынып отырмыз. Себебі шектеу енгізілсе, оны біреуге қайта сататын адамдар пайда болуы мүмкін. Бізде адамдардың «іскер» екенін білесіздер. Сондықтан мемлекет тарапынан қажетсіз шектеу туғызбас үшін біз адам санын анықтап, содан кейін ғана SIM активация жасауды ұсынамын. Қазір мұндай ұсыныс қарастырылып жатыр», – деді басшы.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз