Олжас Бектенов Павлодар облысындағы ірі кәсіпорындарды аралады

0
1052
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

 – Премьер-Министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экспортқа бағдарланған өнеркәсіпті дамыту және Павлодар облысының кәсіпорындарын технологиялық жаңғырту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты.

Үкімет басшысы KSP Steel, «Қазақстан Алюминийі», «Қазақстандық электролиз зауыты», Ақсу ферроқорытпа зауыты және Ақсу электр стансасында болды. Олжас Бектенов өңірге жұмыс сапары аясында мұнай-газ саласына арналған жіксіз болат құбырлар, арматура және басқа да өнімдер шығаратын KSP Steel зауытының өндірістік цехтарына барды.

Бүгінгі таңда KSP Steel – 4,5 мыңнан астам адам жұмыс істейтін болат балқыту секторындағы екінші маңызды кәсіпорын. Негізгі проблемалық мәселелердің бірі – зауыттың толық өндірістік қуатқа шығуы.

Үкіметтің баспасөз қызметі
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Премьер-Министр қазіргі уақытта Үкімет отандық өндірушілерді толық өндірістік қуатқа шығару үшін тиісті жағдай жасауға күш салып жатқанын атап өтті. Өз кезегінде, компания қажетті инвестицияларды сала отырып, өндірісті жаңғыртуы және тұтынушылармен тікелей оффтейк-келісімшарттар жасасуы тиіс.

Үкімет басшысы сондай-ақ әлемдегі жетекші алюминий өндірушілерінің бірі «Қазақстан Алюминийі» АҚ қызметімен танысты. Зауытта 30-дан астам металлургтер династиясы еңбек етіп жатыр. Кәсіпорын құрамында Павлодар тұрғындарының 40%-ын жылумен қамтамасыз етіп отырған жылу электр стансасы жұмыс істейді.

Үкіметтің баспасөз қызметі
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Олжас Бектеновтің айтуынша, қолданыстағы алюминий кластері тек өңір үшін ғана емес, бүкіл республика үшін үлкен маңызға ие.

«Өндірістік өңдеу деңгейін арттыру және экологиялық талаптарды ескере отырып, кәсіпорынды техникалық жаңғырту бойынша жұмысты жалғастыру қажет», – деді Премьер-Министр.

Үкіметтің баспасөз қызметі
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Өнеркәсіптік нысандарды аралаған Олжас Бектенов шикізатты одан әрі өңдеу бойынша жұмысты күшейтудің маңызын атап өтті. Сондай-ақ экономиканы индустрияландыру қарқынын қамтамасыз ету үшін отандық кәсіпорындарға жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ