Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

Бакуде «Ұлы жібек жолы» халықаралық турнирі өтеді

23 наурызда Әзербайжан Республикасының астанасы – Бакуде «Ұлы жібек жолы» халықаралық турнирі өтеді. Бір аптаға созылатын жарысқа Қазақстан боксшылары да қатысады.

Оған 10-нан астам елден 100-ден аса боксшы қатысып, күш сынаспақ. Қазақстан құрамасы 11 салмақ дәрежесінде сынға түседі.

Ұлттық құрама командасының сапында Теміртас Жүсіпов (48 келі), Дамир Әбдіқадыр (51 келі), Тимур Қабешов (54 келі), Талғат Сырымбетов (60 келі), Серік Теміржанов (63,5 келі), Бақтияр Смағұлов (67 келі), Дархан Дүйсебай (71 келі), Тимур Нұрсейітов (75 келі), Бекзат Таңатар (86 келі), Сағындық Тоғамбай (92 келі) мен аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев қолғап түйістіреді.

Турнирге команданы бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов бастап барады. Оның жанында жаттықтырушылар Марат Жақиев, Азамат Мақажанов пен Нұржан Насанов болады.

Сәйкес жаңалықтар

Алматылықтар бокстан Әлем кубогы кезеңінде жеңіс тұғырынан көрінді

Елімізде спортты дамытуға арналған қаражат легионерлердің айлығына жұмсалып жатыр – Антикор

КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНА ШАМАМЕН 560 СПОРТТЫҚ АТ ПЕН 45 ЖУЫҚ ҚҰС ҚАТЫСАДЫ