Қазақстан құрамасы – көркем жүзуден Әлем кубогының иегері

0
96
Фото: kazsports.kz

Қазақстан құрамасы көркем жүзуден Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының алғашқы кезеңінің иегері атанды.

Акробатикалық бағдарламада Қазақстан спортшылары алаң иелері – Қытай құрамасынан да көп балл алды. Еліміздің құрамасы екі күн бұрын техникалық сайыста қола жүлдеге ие болған еді.

Ал кубокты 213.7801 балл жинаған Айгерім Құрманғалиева, Этери Какутиа, Наргиза Болатова, Арина Мясникова, Анна Павлетцова, Жвклин Якимова, Жәния Жиенғазы мен Ксения Макарова иеленді.

Қытай спортшылары 205.0300 балмен екінші, Аустралияның қыздары 196.6266 балл жинап, үшінші орыннан көрінді.

Бұл – ұлттық құраманың Қытай астанасындағы жарыстағы бесінші жүлдесі. Оған дейін Виктор Друзин мен Анна Павлецова аралас жұптық сынның еркін бағдарламасында күміс жүлдені жеңіп алған болатын. Қазір спортшыларда 1 алтын, 2 күміс пен 2 қола медаль бар.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ