Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

Күрес түрлерінен Азия біріншілігі: Бүгін боз кілемге бұрымды балуандар шығады

Фото: qaz_olympics

 – Қырғызстанда күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатының үшінші жарыс күні боз кілемге бұрымды балуандар шығады.

Атап айтсақ, әйелдер арасындағы белдесулерде күндізгі сессиядағы іріктеу, жартылай финал және жұбаныш белдесулері Астана уақытымен сағат 10:30-да басталады.

Ал финалдық белдесулер 17:00-ден кейін өтеді. Аталған сарықұрлық додасы «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінен көрсетіледі.

Бүгін Бішкек боз кілемінде бұрымды балуандар 50, 55, 59, 68, 76 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды. Қазақстан құрамасының атынан шығатын балуандар тізімі төмендегідей:

50 келі – Ирина Жәнібекова
55 келі – Зульфия Яхьярова
59 келі – Диана Каюмова
68 келі – Альбина Қайыргельдинова
76 келі – Эльмира Сыздықова.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін еркін күрес шеберлері Азия біріншілігінде жалпыесепте төртінші орын жеңіп алғанын жазған болатынбыз.

Сәйкес жаңалықтар

Бұл спортшылар халықаралық ареналарда елдің намысын қорғап қана қоймай, жас ұрпақ үшін адалдықтың, рух пен патриотизмнің үлгісі

Биылғы жарыс біздің ел үшін өте маңызды

АҚШ-та өтетін Олимпиадада бұдан да жоғары нәтижеге қол жеткіземіз деп сенемін – Ермек Маржықпаев