Жошы хан туралы жазылған тұңғыш тарихи романның таныстырылымы өтеді

0
141
Фото: Kazinform

 – 20 сәуір күні сағат 11.00-де Астанадағы кітап көрмесі аясында ақын, жазушы Ұларбек Дәлейұлының «Жошы хан» тарихи романының таныстырылымы өтеді.

Айта кетейік, бұл шығарма – қазақ және әлем әдебиетінде Жошы хан жайлы жазылған тұңғыш роман.

Автор төрт жылға созылған зерттеу еңбектерінің негізінде Шыңғыс заманы мен оның тұңғыш ұлы Жошы хан жайлы терең және тың деректердің ізіне түскен. Сол арқылы Жошының қым-қиғаш күндерде ғұмыр есігін ашуы, өскен ортасы мен жастық шағы, жорықтары мен өмірінің соңына дейінгі оқиғалар барынша толық баяндаған.

Сонымен қатар, жазушы дәйекті зерттеулеріне сүйене отырып, дәуірлер көшін, қым-қуыт жорық іздерін қазақы көркем тілмен төгілте жазған. Автор бұрын беймәлім болған тарихи деректерді аршып, осыған дейінгі қалыптасқан таптаурын тұжырымдарды талқандап, тың көзқараспен ұсынады.

«Романның құндылығы сол дәуірге қатысты жазылған, ең сенімді деген дерек көздерін пайдалана отырып, оқиғалар өрісін шынайы фактілермен түйіндеуге тырыстық. Таңғұт, шүршіт соғыстары, ғалам тарихында елеулі орны бар Хорезм жорықтары жыл-айы, шайқас орындары, адам аттары сол қалпымен көркем тілде хатқа түсірілді. Жошы хан 1221 жылы Үргеніш түбіндегі ауыр шайқастан кейін Хорезм жорығынан қайтып, Ұлытауға келіп ірге тебеді. 1223 жылы «Құланбасыда» өткен құрылтайдан соң, Шыңғыс қағанның арнайы жарлығымен Дешті-Қыпшақ даласында «Жошы ұлысын» құрады. Бүгінгі Қазақ Елі сол «Жошы ұлысының» жерінде, Алтын Орданың қара шаңырағын ұстап отыр», – дейді жазушы Ұларбек Дәлейұлы романның ерекшелігі туралы.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз