«7-20-25» бағдарламасымен бес мың ипотека займы беріледі – Құрылыс министрі

0
106
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

– Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев тұрғын үй займдарына көзделген қаражатқа қатысты түсінік берді.

«Жылдық 2 және 5% мөлшердегі жеңілдікпен тұрғын үй ипотекасына 7 мыңға жуық займ беруге 81 млрд теңге бөлінді. Ал «Отау» ипотекалық бағдарламасы бойынша 9%-бен 150 млрд теңге сомасына 8 мың қарыз беру көзделіп отыр», – деді Қанат Шарлапаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында сауалға жауап бере отырып.

Сондай-ақ, министр «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы бойынша 100 млрд теңге сомасына 5 мыңға жуық займ берілетінін айтты.

«Осылайша биыл тұрғын үй құрылысын дамытуға 1 трлн теңгеден астам қаражат жұмсалды. Бұл 64 мың азаматтың баспана мәселесін шешуге мүмкіндік береді», – деп толықтырды ведомство басшысы.

Бұған дейін Қ. Шарлапаев мамырда жаңа ипотекалық тұрғын үй бағдарламасының іске қосылатынын айтты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ