Елсияр Қанағатов: Бес күнде 15 жолдама жеңіп алдық, бұл үлкен – нәтиже

0
71
Фото: Әділет Бірімқұлов / Kazinform

 – Қазақстан спортшылары Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына соңғы бес күнде 15 жолдама жеңіп алды. Бұл – үлкен нәтиже. Бұл туралы Kazinform тілшісіне Олимпиада ойындарына дайындық жөніндегі штаб басшысы Елсияр Қанағатов айтып берді.

«Өздеріңіз көріп-біліп, жазып-сызып отырғандай, соңғы бес күнде қазақ спортшылары Париж Олимпиадасына 15 жолдама жеңіп алды. Бұл – үлкен нәтиже. Олай дейтініміз әлі күнге Олимпиадаға 15 жолдама ала алмай келе жатқан елдер де жоқ емес. 19-23 сәуір аралығында Жапония астанасы Токио қаласында байдарка мен каноэде есуден Қазақстан командасы Азия чемпионатында алты жолдамаға қол жеткізсе, Бішкекте күрес түрлерінен өткен Азия аймақтық іріктеу жарысында еркін күрес шеберлері екі, грек-рим балуандары үш жолдамаға қол жеткізді. Сонымен қатар Оңтүстік Кореяның Чунджу қаласында академиялық есуден Олимпиадаға іріктеу турнирінде Владислав Яковлев тағы бір жолдаманы жеңіп алды. Тағы бір атлетіміз Нариман Курбанов Дохадағы әлем кубогі кезеңінде спорттық гимнастикадан ел қоржынына кезекті жолдманы сыйлады. Оңтүстік Кореяның Чунджу қаласында академиялық есуден олимпиадалық іріктеуде отандасымыз Владислав Яковлевта өз мақсатына жетті. Ал кеше ғана тағы бір сүйіншілі хабар жетті. Стенд атудан қазақстандық Мария Дмитриенко Дохада өткен Олимпиадаға іріктеу турнирінде ел қоржынына 47 жолдаманы салды», – деді штаб басшысы.

Сондай-ақ, штап басшысы алда әлі 30-ға жуық лицензиялық турнирлер бар екенін айта келе жалпы жолдмалар саны 80-ге жуықтап қалатынын айтып берді.

«Қазақ спортшыларын алда әлі де 30-ға жуық лицензиялық турнирлер күтіп тұр. Демек, қазақстандықтардың жолдамалар саны осымен тоқтап қалмайды. Жалпы 80-ге жуық лицензия алдуды көздеп отырмыз. Сол мақсатта спортшылармен де, бапкерлермен де тығыз байланыста жұмыс атқарылып, жоспарлар жасалып жатыр», – деді Елсияр Қанағатов.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір күн бұрын стенд атудан Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан лицензиялық турнирде Ұлттық құрама спортшысы Мария Дмитриенко ел қоржынына 47 жолдаманы сыйлағанын жазған болатынбыз.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз