Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Қарағанды облысында жолаушылар вагоны рельстен шығып кетті (ВИДЕО)

фото: видеодан скриншот

24 сәуірде Қарағанды облысында жолаушылар пойызының техникалық вагоны рельстен шығып кетті. Тәртіп сақшылары тексеру жұмыстарын бастады, деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға туралы ақпарат Instagram-дағы railway_1520 парақшасында пайда болды. Видео авторының хабарлауынша, кеше Қарағанды облысындағы Ағадыр-Айса стансаларының арасында жолаушылар пойызының бір вагоны рельстен шығып кеткен.

«Қарағанды-Сортировочная» станциясының желілік полиция бөлімі жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану ережелерін бұзу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, – деп мәлімдеді Көліктегі полиция департаменті.

Сондай-ақ ведомсто әзірге басқа ақпарат жария етілмейтінін хабарлады.

Сәйкес жаңалықтар

«Оператор РОП» экс-құрылтайшысы мүлкіне салынған тыйымды алып тастауды сұрады

Астана тұрғындары мен қонақтарын көптеген ойын-сауық түрлері күтіп тұр

zamandas69@mail.ru

26 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды