Бас прокуратура бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ұсталғанын растады

0
98
Фото: ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 – Прокуратура Қазақстанның бұрыншы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ұсталғанын растады.

ҚР Бас прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларға байланысты қылмыстық істерді тергеуді жалғастыруда.

«Биылғы 29 сәуірде ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымды өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін (ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде ішкі істер экс-министрі Е.З.Тұрғымбаев ұсталды. Қылмыстық істе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етуге жатпайды»,-делінген хабарламада.

Сонай-ақ онда мемлекеттік құпияларды құрайтын сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол бермеу ҚР ҚІЖК-нің 47 және 201-баптарының талаптарымен регламенттелгені айтылған.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ