Футболдан Қазақстан кубогының ширек финалы қашан басталады

0
63
Фото: Наталья Зинченко \ Kazinform

 – Футболдан Қазақстан кубогының ширек финалдық ойындарының уақыты белгілі болды.

8 мамыр күні 18.00-де «Тобыл» мен «Астана», «Атырау» мен «Қайрат», 20.00-де «Ордабасы» мен «Ақтөбе», «Қызылжар» мен «Елімай» шеберлік байқасады.

Ал, 1/2 финал 29 мамыр мен 19 маусымда өткізіледі. Финал 29 қыркүйекке белгіленген.

Жарыстың 1/8 финалында «Тобыл» «Қайсарды», «Қайрат» «Тұранды» 3:0 , «Атырау» SD Family клубын 6:0, «Астана» «Жеңісті», «Ақтөбе» «Жетісуды» 1:0, «Ордабасы» «Таразды» 2:0, «Қызылжар» «Оңтүстік академияны», «Елімай» «Шахтерді» 2:1 есебімен жеңді.

Айта кетсек, Қазақстан кубогы 1992 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бүгінге дейін «Қайрат» 9 мәрте кубокты төбесіне көтерді. Ал, «Жеңіс» (Астана) мен «Астана» – 3, «Қайсар» (Қызылорда) мен «Ордабасы» (Шымкент) – 2, «Ертіс» (Павлодар), «Тараз», «Шахтер» (Қарағанды), «Восток» (Өскемен), «Ақтөбе», «Алматы», «Тобыл» (Қостанай), «Достық» (Алматы), «Елімай» (Семей) – 1 мәртеден кубок иегері атанды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ