Бәйгеден ҚР Чемпионатының іріктеу кезеңіне 140-қа жуық спортшы қатысты

0
104
Фото: Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі

Алматыда Ұлттық спорт қауымдастығына кіретін Бәйге федерациясы бәйгеден Қазақстан Республикасы чемпионатының 3-ші іріктеу кезеңі өтті,

Құнан бәйге, Топ бәйге, Аламан бәйге және Жорға жарыс бойынша 140-қа жуық қатысушы бақ сынады. Жалпы жүлде қоры – 24 млн 900 мың теңге.

Құнан бәйге бойынша І орынды Король атты тұлпар иеленді, шабандозы – Әлжан ЖоламанII орынды Күлтегін атты құнан алды, шабандозы – Арнат Мұратхан. Жүлдегерлер үштігін Аңыз есімді атқа мінген Асылжан Төлеген түйіндеді.

Топ бәйгеде Тайсон атты сәйгүлік үздік болды, шабандозы –Бекзат ДілдәханII орынды Доллар атты тұлпар мен шабандозы Бекарыс Тынышбек иеленді. ІІІ орынды шабандоз Аслан Абдықал Қаламқас атты тұлпарымен жеңіп алды.

Жорға жарыс нәтижесі бойынша – І орынды Алекс атты айғыр иеленді, шабандозы – Снежана Демина, ІІ орынды Мұзторы атты жылқы, шабандозы Данияр Шакеровпен жеңіп алды. ІІІ орында Томирис атты тұлпар алды, шабандозы – Расул Алпысбаев.

Шараны аяқтаған соңғы сайыс – Аламан бәйгеде I орынды Сайгон иеленді, шабандозы – Бекзат Ділдахан. Оған жарыстың бас жүлдесі 5 млн теңге берілді. II орынды Қаратал атты тұлпар иеленді, шабандозы – Арнат Мұратхан. III орынды Алабайрақ атты айғыр алды, шабандозы – Әлібек Нұрғазыұлы.

Еске сала кетсек, Республикалық Бәйге федерациясы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді.  Қауымдастық құрамында бұдан өзге көкпар, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, садақ ату, құсбегілік, асық ату, «JORYQ» ат спорты және тағы басқа федерациялар бар. Ұлттық спорт қауымдастығын белгілі кәсіпкер, меценат, «Altyn Qyran Foundation» Қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов басқарады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ