Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Экономика

ҚМГ Өзен және Қарамандыбас кен орындарын оңалту жобасына 60 млрд теңгеден астам қаражат бөлді

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы М.Мырзағалиев Өзен және Қарамандыбас кен орындарын оңалту жобасы бойынша кеңес өткізді. 2023-2024 жылдарға арналған жоба бюджеті – 68 млрд теңге.

ҚМГ-ның еншілес ұйымы «Өзенмұнайгаз» АҚ Өзен және Қарамандыбас кен орындарын оңалту жобасына 2023 жылы кірісті.

Осылайша, биыл ақпанда қосымша 23 ұңғыма пайдалануға берілді.

Одан бөлек, биыл қосымша 31 жаңа ұңғыманы бұрғылау, ұңғымаларды күрделі жөндеу, мұнай беруді арттыру үшін жаңа технологияларды қолдану, сондай-ақ жерасты жабдықтарын диагностикалау және жөндеу цехын жаңғырту жоспарланған.

Бұл ӨМГ-нің мұнай өндіру көлемін бірнеше жыл ішінде жылына ~5,2-5,5 млн тоннаға дейін арттыруға ықпал етеді деп болжануда.

Сәйкес жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Достық – Мойынты» теміржолының екінші желісін іске қосты

Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты

Грузияға биыл 80 мың тонна бидай экспорттауға келістік