Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

Жібек Құламбаева Хорватиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Фото: ktf.kz

 – Қазақстандық, әлемнің 499-ракеткасы Жібек Құламбаева Загреб (Хорватия) ITF W75 турнирінің ширек финалына шықты.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 259-ракеткасы, жапониялық Химено Сакацумемен бетпе-бет келді.

Бірінші партияны Жібек 6:2 есебімен түйіндесе, екіншісінде де есесін жіберген жоқ – 6:4.

Біршама тартысты өткен кездесу сағат жарымға созылды.

Жібек Құламбаева жартылай финалға шығу үшін әлемнің 234-ракеткасы, хорватиялық Тена Лукас немесе рейтингіде 367-орындағы сербиялық Лола Радивоевичтің қай жеңгенімен таласады.

Ж.Құламбаева қазіргі сәтте WTA Live рейтингісінде 438-сатыға көтеріліп тұр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Загребте жарыстың үшінші ракеткасын жеңгенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Зарина Дияс Жапониядағы жарысты жеңіспен бастады.

 

Сәйкес жаңалықтар

Шавкат әзірге белгілі бір деңгейде қалып қойғандай көрінеді

GGG белбеуінен бас тартты

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: елордалық көкпаршылар шеберлік дәрісін өткізді