Мәдениет, өнер және мұрағат саласында 64 мың аса адам жұмыс істеп жатыр

0
162
Фото: trt.net.tr

Елімізде Мәдениет және өнер қызметкерлері күні 2013 жылдың қараша айында бекітілді. Елде 8 мыңға жуық мәдениет ошақтары жұмыс істейді. Онда 64 мыңнан астам қызметкер жұмыспен қамтылған, деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша олардың жалақысы 2023 жылы 2021 жылғы деңгейден 45% өскен.

Тек соңғы үш жылда бүкіл ел бойынша 700-ден астам жаңа мәдениет нысаны жөнделіп, 168 жаңа нысан салынды. Биыл 11 жылда алғаш рет материалдық емес мәдени мұраның ұлттық тізімі жаңартылды. Бұл тізімге қосымша 75 элемент енгізілген.

30 жылда алғаш рет «Халық әртісі» құрметті атағы тағайындалып, 8 мәдениет қайраткеріне берілді. Еліміздің және шет мемлекеттердің азаматтарына мәдениетаралық және ұлтаралық қатынасты нығайту мақсатында «Мәдениетаралық және этносаралық бірлікті нығайту бағытында мәдениет пен өнер саласындағы үздік жұмыстар мен туындылар үшін» сыйлығы тағайындалды, – делінген хабарламада.

2023 жылы мемлекеттік қолдаумен түсірілімі 2022 жылы басталған 18 фильм өндірісі аяқталды, сонымен қатар 19 жаңа киножоба шығарылды. «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі аясында Анкара, Ыстанбұл және Краков (Польша) қалаларының анимация студияларында анимация саласында 12 қазақстандық студент, маман оқытылды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ