Боксшы Мұхамедсабыр Базарбайұлы ширек финалға шықты

0
103
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан Таиландтың астанасы – Бангкок қаласында өтіп жатқан Олимпиадаға соңғы іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасының өкілі  Мұхамедсабыр Базарбайұлы 63,5 кг салмаққа дейінгі дәрежеде үшінші рет шаршы алаңға шығып, қарсыласын жеңді.

Ол италиялық Джанлуиджи Малангадан айласын асырып, ширек финалға шықты. Бұл жекпе-жек аса тартысты және қызықты болды. Қазақ боксшысы төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, ол Олимпиада квотасына бір қадам жақындады.

Айта кететін нәрсе, Қазақстан ерлер командасында бір салмақта Олимпиада жолдамасы жоқ.

Енді ұлттық құраманың өкілі 31 мамырда ¼ финалда Эрисланди Альвареспен (Куба) кездеседі. Бұл салмақта Олимпиаданың 5 жолдамасы сарапқа салынады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ