Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

Килиан Мбаппе ресми түрде «Реал Мадрид» ойыншысы болды

Фото: әлеумемттік желіден алынды

 – ПСЖ футбол клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе испаниялық «Реал Мадрид» клубына еркін агент ретінде ауысты. Бұл туралы танымал футбол инсайдері Фабрицио Романо X парақшасында жазды, деп хабарлайды ТАСС.

Тараптар ортақ келісімге келіп, келісімшартқа қол қойылған. Ойыншыны таныстыру рәсімі келесі аптада өтеді.

Мбаппенің корольдік клубпен 2029 жылға дейін келісімшартқа отырғаны атап өтілді.

ПСЖ сапындағы соңғы маусымында 25 жастағы Мбаппе 48 ойында 44 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді.

Футболшының трансферлік құны – 180 миллион еуро.

Сәйкес жаңалықтар

Funny Sport жобасы аясында жастар арасында кедергілермен жаппай жүгіру өтті

Мемлекет басшысы ХІV Қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитовты марапаттады

zamandas69@mail.ru

Қайсар Алпысбай Азиаданың финалына шықты