Жүзуден ел құрамасы Олимпиадаға іріктеу турниріне қатысады

0
124
Фото: olympic.kz

Италияның Рим қаласында жүзуден жазғы Олимпиялық ойындарға іріктеу турнирі болады. Оған Қазақстан құрамасы да қатысады.

Olympic.kz-тің хабарлауынша, іріктеу турнирінде ел құрамасы сапындағы бес спортшы жарысады.

Олар: Диана Тасжанова, Ксения Игнатова, Софья Сподаренко, Әділбек Мусин мен Максим Сказобцов.

Турнир 21-23 маусым күндері болады.

Қазір ел қоржынында спорттың 22 түрінен 71 жолдама бар. Лицензиялық жарыстар әлі жалғасып жатыр.

Соңғы рет Олимпиялық ойындарға жолдаманы үстел теннисінен Қазақстан командасының көшбасшысы Кирилл Герасименко жеңіп алды.

Ол енді іріктеу кезеңдерінде жинаған ұпайы бойынша Олимпиадаға қатысады.

Халықаралық үстел теннисі федерациясының жаңарған рейтингінде теннисші құрлықта жолдама алмаған спортшылар арасында бірінші орында тұр.

Айта кету керек, Герасименко осымен үшінші рет Олимпиялық ойындарға жолдама алып отыр. Ол Рио-2016 және Токио-2020 ойындарына қатысқан.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ