Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Жамбыл облысында шенеуніктер мемлекетке тиесілі көліктерді сатып жіберген

Фото: almaty.tv

Жамбыл облысы Қаратау қаласының тазалығына жауапты мекеме басшылары мемлекетке тиесілі 4 көлікті сатып жіберген.

Almaty.tv-ның хабарлауынша, «Таза Талас» кәсіпорнының директоры мен оның орынбасары алдымен автокөліктерді жарамсыз деп есептен шығарған. Содан кейін тиісті аукцион өткізбестен, көлденең келген сатып алушыға қолма-қол ақшаға сатып жіберген. Ал бұл қызметтік көліктердің нарықтық құны – 6-7 млн теңге. Соның кесірінен мемлекетке 22 млн теңге залал келді. Прокурорлар құны 10 млн теңге болатын 2 көлікті қайтарып, ақшалай 7 млн теңгені мемлекет пайдасына өндірді. Ал бюджет қаржысын талан-таражға салғандар сотталды.

Талас ауданы сотының үкімімен «Таза Талас» кәсіпорнының директоры мен оның орынбасары 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Әрқайсысына мемлекеттік қызметте лауазымдық қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынды.

Сәйкес жаңалықтар

Шымкент тұрғыны інісін пышақтап өлтірген

Қазақстанда 14,4 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді

Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босатылды

zamandas69@mail.ru